×

Алматыда 248 шетелдік азамат елден шығарылды

Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,5 есе көп

 Дастан Жұмабекұлы 06.04.2023 | 17:40
фото: ашық дереккөз

Алматыда жыл басынан бері 248 шетелдік елден шығарылды.

Polisia.kz-тің хабарлауынша, Алматы қаласы ПД көші-қон қызметі биыл алғашқы үш айда қалаға 21 805 шетел азаматы келгенін растаған. Бұл – өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,5 есе көп.

Көші-қон заңнамасын бұзушылықтарды анықтау және заңсыз көші-қон жолдарын жою бойынша тұрақты түрде жедел алдын алу іс-шаралары болып жатыр. Жыл басынан бері 6 472 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылса, оның 1 738-і – шетел азаматы. Әкімшілік жолмен 248 шетелдік елден шығарылды, – деді ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.

Оның айтуынша, полиция департаментінің қабылдап-тарату бөліміне жеке басын куәландыратын құжаты жоқ 365 шетел азаматы жеткізілген. Сонымен қатар шетелдік жұмыс күшін пайдалану ережелерін бұзған 47 жұмыс беруші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ жыл басынан бері заңсыз көші-қонның 11 жолы анықталды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама