×

Ұлытау облысында 63 киіктің өлексесі жойылды

Киіктердің жаппай өлуіне ауа райының қолайсыздығы мен азықтың болмауы себеп болған

 Дастан Жұмабекұлы 06.04.2023 | 17:15
фото: ашық дереккөз

Ұлытау облысының әкімдігі өңірде қырылған киіктердің өлексесін жинау және жою жұмысы туралы хабарлады.

Әлеуметтік желіде жарияланған видеодағы мәліметке қарағанда, қазірге дейін 63 киіктің өлексесі жойылған.

Ұлытау облысы бойынша Охотзоопром мен орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының хабарлауынша, биыл қаңтар айының басында Ұлытау облысының аумағында, Жаңаарқа ауданында шамамен 35 мың киік байқалған. Олардың басым бөлігі елдің оңтүстік аймақтарына өтіп кеткенмен, біразы түрлі жағдайға байланысты Ұлытау облысының аумағында қалып қойған.

Киіктердің жаппай өлуіне ауа райының қолайсыздығы мен азықтың болмауы себеп болған көрінеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама