Жезқазғанда ауыз судың сапасын жақсартуға 8,5 млрд теңге бөлінді
Жұмыстар биылғы сәуір-желтоқсан айлары аралығына жоспарланған
Жезқазғанда екінші кезектегі қаланың шаруашылық-ауыз су тазарту құрылыстары қайта жаңартылатын болады, деп хабарлады Halyq uni тілшісі.
Ұлытау облысы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, жобаның жалпы құны – 8,5 млрд теңге. Жұмыстар биылғы сәуір-желтоқсан айлары аралығына жоспарланған.
Бұл ретте үшінші кезектегі қаланың шаруашылық-ауыз су тазарту құрылыстарын қайта жаңарту шеңберінде 2023 жылы 1 млрд 32 млн теңгеге 5 резервуар жөнделетін болады. Жоба бойынша жұмыстар осы жылдың басынан бастап жүргізіліп жатыр. Ал оның аяқталуы 2024 жылдың желтоқсанына жоспарланған.
Сонымен қатар, жалпы ұзындығы 218,7 шақырым болатын қалаішілік су құбыры желілерін қайта жаңарту жалғасады. Жоба сомасы – 1 млрд 63 млн теңге.