Оның басқа да заңсыз іс-әрекеттерге қатысының бар-жоғы анықталуда
Нұр-Сұлтан полицейлері қаруланған автокөлік жүргізушісін құрықтады.
6 сәуір күні сағат 11.54-те Тұран даңғылында елордалық сақшылар «Тойота Камри» маркалы көлігін тоқтатты. Тексеру барысында 35 жастағы автокөлік иесінен 12 мемлекеттік нөмір, есептен шығарылған жиналмалы пышақ, газ пистолеті, 4 патрон табылып, тәркіленді, – дейді қалалық полиция департаменті.
Аталған факт бойынша қылмыстық кодекстің 287-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Сараптама тағайындалды. Көлік коммуналдық тұраққа қойылды. Бұл адамның шаһар аумағындағы заңсыз іс-әрекеттерге қатысының бар-жоғы анықталып жатыр.