×

Астанада қаруланған адам ұсталды

Оның басқа да заңсыз іс-әрекеттерге қатысының бар-жоғы анықталуда

 Қымбат Елтайқызы 07.04.2022 | 17:30
фото: ашық дереккөзден

Нұр-Сұлтан полицейлері қаруланған автокөлік жүргізушісін құрықтады.

6 сәуір күні сағат 11.54-те Тұран даңғылында елордалық сақшылар «Тойота Камри» маркалы көлігін тоқтатты. Тексеру барысында 35 жастағы автокөлік иесінен 12 мемлекеттік нөмір, есептен шығарылған жиналмалы пышақ, газ пистолеті, 4 патрон табылып, тәркіленді, – дейді қалалық полиция департаменті.

Аталған факт бойынша қылмыстық кодекстің 287-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Сараптама тағайындалды. Көлік коммуналдық тұраққа қойылды. Бұл адамның шаһар аумағындағы заңсыз іс-әрекеттерге қатысының бар-жоғы анықталып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама