Ауа райын болжау әуе билетінің құнына қалай әсер етеді?
Метеорологиялық деректер авиатасымалдаушыларға ақылы негізде ұсынылады
Әуе кеңістігін азаматтардың пайдалану саласындағы аэронавигациялық қамтамасыз етуді индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі азаматтық авиация комитетінің «Қазаэронавигация» РМК жүзеге асырады. Бұл жұмыстың мақсаты – әуе қозғалысына қауіпсіз және сапалы аэронавигациялық қызмет көрсету. Ал қызмет бағыттарының бірі – метеорологиялық ақпаратпен қамтамасыз ету.
Қауіпсіз ұшу үшін қажетті метеорологиялық ақпарат (бұлт, жауын-шашын және ауа райының басқа да құбылыстары туралы) метеорологиялық радиолокатор деп аталатын арнайы жабдық арқылы жиналады. Оларды сатып алу, орнату және одан әрі қызмет көрсетуді «Қазаэронавигация» РМК жүзеге асырады. Ал метеорологиялық деректер авиатасымалдаушыларға ақылы негізде ұсынылады.
Қоғам қайраткері және Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының арнайы мониторинг тобының мүшесі Андрей Андреев «Голос народа» Youtube арнасына берген сұқбатында «Қазаэронавигация» РМК қызметіне жұмсалатын қаражат әуе билетінің бағасын белгілеуге тікелей әсер етеді. Ал баға қарапайым жолаушының қалтасына салмақ салады.
2015 жылы қазақстандық компания мен «Қазаэросервис» АҚ арасында мемлекеттік сатып алу рәсімдері арқылы 4 доплерлік метеорологиялық радиолокаторды жеткізу бойынша келісімшарт жасалды. Ол жерде тауарды алу және іске қосу-баптау, локтатор орнатуға арналған бағана салу жұмыстарын есептегенде әрқайсысы 484 млн теңгеге бағаланған.
Тауарды жеткізу кезінде Үкіметтің «Қазаэросервисті» тарату туралы қаулысы шықты. Ал келісімшартқа отырған компаниямен арадағы шартты бұзуға әрекет жасалды. Алайда сот процесі барысында шартты бұзу заңсыз деп танылды.
«Қазаэросервис» үшін сатып алынған бұл локаторларды 2018 жылы «VS TRADE» ЖШС 4 құрылғыны жеңілдікпен 423,7 млн теңгеден сатып алды.
Кейінірек осы 4 доплерлік метеорологиялық радиолокатор «Қазаэронавигация» РМК-ға әрқайсысы 1,2 млрд теңгеден сатылды, жалпы сомасы 4,8 млрд теңгені құрады. Яғни, айырмашылық – 3,1 млрд теңге.
Осыған байланысты бірнеше сұрақ туындайды. Неге сол радиолокаторды басқа компания арқылы шамамен 4 есе қымбат бағаға сатып алу керек болды? Метеорологиялық радиолокаторларды қымбат бағаға сатып алған «Қазаэронавигация» РМК әрекеттерінде құқық бұзушылық белгілері жоқ па?
Неліктен әуе тасымалдаушылары мен жолаушылар осындай «қымбат» құрылғы үшін ақша төлеуі керек?