Halyq Uni логотип
×

Денис Теннің өлімі бойынша сотталғандардың бірі бостандыққа шықты

Сот 2019 жылдың басында спортшының өліміне қатысы бар үш адамға үкім шығарды

 Айнұр Шошаева 07.04.2022 | 16:19
Денис Теннің өлімі бойынша сотталғандардың бірі бостандыққа шықты
коллаж: Halyq Uni

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, 2014 жылы Сочи Олимпиадасында қола медаль жеңіп алған Денис Теннің өліміне байланысты сотталған Жанар Толыбаева жазасын өтеп, бостандыққа шықты.

Ақпаратты ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі растады.

Комитеттің хабарлауынша, Толыбаева 2021 жылдың желтоқсанынан бері қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде отырған жоқ.

Айта кетейік, Денис Тен 2018 жылдың 19 шілдесінде қаза тапты. Сот 2019 жылдың басында спортшының өліміне қатысы бар үш адамға үкім шығарды.

Спортшының өліміне қатысты Арман Құдайбергенов пен Нұралы Қиясов 18 жылға сотталды. Жанар Толыбаева «Қылмыс туралы хабарламау» бойынша кінәлі деп танылып, 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Іс барысында оның жүкті екені белгілі болды. Толыбаева екінші баласын түрмеде босанды.

Ол жазасын баласымен бірге Алматы облысы Жауғашты ауылындағы ЛА-155/4 түзету мекемесінде өтеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама