Полицияға дереу хабарласқанда адамның 90 пайызы тірі қалады
Павлодар облысының полицейлері жыл басынан бері жоғалған 9 адамды іздеп тапты.
Polisia.kz-тің хабарлауынша, биыл полицейлер Павлодар өңірінде хабар-ошарсыз кеткен азаматтарға қатысты 13 іздестіру ісін бастаған.
Павлодар облысы ПД криминалдық полициясының бастығы Балғабай Қапаровтың айтуынша, полицейлер жоғалған 9 адамды іздестірді.
Полицияға хабарласқандар толық ақпарат бермеген кезде іздеу қиынға соқты. Мысалы, әйелі күйеуінің басқа да қызығушылығы бар екенін, анасы ұлының немесе қызының есірткі қолданатынын, бұрын баласының үйден қашып кеткені туралы айтпауы мүмкін. Осы немесе басқа да маңызды фактілерді білмей, полиция қызметкерлері шатасып, адам жоғалған жерді мүлде іздемеуі мүмкін. Адам жоғалып кеткен жағдайда ең алдымен оның беделін емес, өмірін сақтап қалу туралы ойлану керек, – деді ол.
Осы ретте ол адам жоғалған жағдайда бір күн де күтудің қажеті жоқ екенін, дереу полицияға хабарласу керектігін айтты.
Оның айтуынша, дер кезінде полицияға хабарласқан кезде жоғалған адамдардың 90 пайызға жуығы тірі қалады. Мұны статистиканың өзі көрсетіп тұр.