Министр Атырау облысындағы өрт қашан сөндірілетінін айтты

Дәурен Ерболат

Юрий Ильин өрттің себебін браконьерлерден көріп отыр

фото: Атырау іргесіндегі өрт

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Атырауда облысындағы өрт қашан сөндірілетінін айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Оның айутынша, даладағы өртке броконьерлердің қатысы болуы мүмкін.

«Төтенше жағдай салдарынан әрқашан адам зардап шегеді. Өрт, төтенше жағдайға адами фактордың қатысы болады. Табиғатта, тұрмыста шыққан өртке 80%-дан астам жағдайда адамның қатысы бар. Сондықтан өртке заңсыз аң және балық аулау деректерінің қатысы болуы мүмкін», - деді Юрий Ильин Мәжілістің жалпы отырысынан соң.  

Сондай-ақ министр Атырау облысындағы жағдайда тоқталды.

Қазір жағдай бақылауда. Ол жерге адамның баруы қиын. Осыған қарамастан біз су шашатын құралдары бар әуе кемелерін жұмылдырдық. Менің ойымша, бүгін немесе ертең біз өртті толық сөндіреміз, - деді министр.

Айта кетейік, 2 сәуірден бері Атырау облысындағы «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты аумағында қамыс өртеніп жатыр.

Атырау қаласының тұрғындары төтенше жағдай жариялануын сұрап, ауа сапасының нашарлап кеткенін айтып дабыл қақты.