Маңғыстау тұрғынынан 50 келіге жуық бекіре балығы тәркіленді
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды
Маңғыстау облысының тұрғынынан 50 келіге жуық бекіре балығы тәркіленді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 2 сәуірде Форт-Шевченко қаласының жергілікті тұрғынының үйінен жалпы салмағы 49 келіден асатын 5 дана бекіре балығы тәркіленген. Ұсталған 60 жастағы ер адамға қатысты ҚР ҚК-нің 339-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Тергеу амалдары жалғасып жатыр.
Еске сала кетсек, бұған дейін Атырау облысында заңсыз ауланған 417 келі бекіре тұқымдас балық тәркіленгенін хабарлаған болатынбыз.