Жалпы, 28 мыңға жуық жол ережесін бұзу дерегі анықталды
Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті биылғы үш айдың жұмысын қорытындылады.
Биыл 3 айда 113 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Салдарынан 121 адам жарақат алып, 2 адам көз жұмды. Қайғылы жағдайларға көбіне жүргізушілер кінәлі, – дейді департамент.
Статистика бойынша, тіркелген 113 деректің 93 жүргізушілер кесірінен болған. Мас жағдайда рөлге отыру, жол қиылыстарын қызыл түске өту, тұрғын үй аулаларында жүйткіп жүру, балабақшалар мен мектептер маңайында бейқамдық танытудың соңы қайғылы жағдайларға әкеледі. Жыл басынан бері 28 мыңға жуық жол ережесін бұзу дерегі анықталып, 430 мас жүргізуші құрықталды.