Halyq Uni логотип
×

Маңғыстауда 150-ден аса шетелдік елден шығарылды

Өңірде жыл басынан бері көші-қон заңнамасын бұзған 1 253 факті анықталған

 Динара Амантай 05.04.2023 | 10:31
Маңғыстауда 150-ден аса шетелдік елден шығарылды
Фото: Halyq Uni

Маңғыстауда көші-қон заңнамасын бұзғандарға 5 млн теңгеден аса айыппұл салынды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, Маңғыстау облысында жыл басынан бері көші-қон заңнамасын бұзған 1 253 факті анықталған. Оның 935-і – шетел азаматына, 318-і – Қазақстан азаматына қатысты. Сонымен қатар 20-ға жуық жұмыс беруші жауапкершілікке тартылды. Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 5,5 млн теңгені құрады.

Жыл басынан қабылданған шаралар нәтижесінде 3 ай ішінде ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 517-бабы бойынша шетелдіктердің елде болу ережелерін бұзғаны үшін 926 шетелдік, ҚР ӘҚБтК 518-бабы («Шетелдiктерді және азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы») бойынша 300 ҚР азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ 3 ай ішінде өңірден 157 шетелдік ел аумағынан тысқары шығарылды.

Маңғыстау облысының полиция департаменті облыс тұрғындарын және шетелдік қонақтарды елдің көші-қон саласындағы заңнамасын қатаң ұстануға шақырып, құқықбұзушылықтар мен қылмыстарға жол бермеуді сұрады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама