Өңірде жыл басынан бері 90 жол-көлік оқиғасы болған
Ақтөбе облысында жыл басынан бері 90 жол-көлік оқиғасы тіркелген, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 2023 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша Ақтөбе облысының жолдарында 90 жол-көлік оқиғасы болған. 120 адам түрлі дене жарақатын алып, 13 адам қаза тапты.
Өңірде жыл басынан бері 300-ден аса жүргізуші мас күйде көлік жүргізген. 2 521 жүргізуші қауіпсіздік белдігін тақпаған және 800-ден аса жүргізуші бағдаршамның қозғалысқа тыйым салынатын белгісінде жүрген. Сондай-ақ 3 800-ден аса жаяу жүргінші жол ережелерін бұзған.
Ақтөбе облысының полиция департаменті облыс тұрғындарын жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.