Ескі һәм жаңа үкіметтің құрамы: 2 министр ауысып, қалғаны қайта тағайындалды
Энергетика министрлігі мен сыртқы істер министрлігінің басшысы ауысты
Президент жарлығымен үкіметтің жаңа құрамы бекітілді. Бұған дейінгі құрамда болған министрлердің көпшілігі қызметінде қалды. Тек энергетика министрлігі мен сыртқы істер министрлігінің басшысы ауысты, деп хабарлайды Halyq Uni.
2022 жылдың қаңтарынан бері энергетика министрлігін басқарған Болат Ақшолақов қызметінен босатылып, президенттің кеңесшісі болды. Оның орнына бұл қызметті енді 2021 жылдан бері «Самұрық-Қазына» қорын басқарған Алмасадам Сәтқалиев атқарады.
Сондай-ақ енді сыртқы істер министрлігін Мұрат Нұртілеу басқарады. Ол 2022 жылдан бері Президент әкімшілігі басшысы лауазымын атқарған. Енді Нұртілеу министр ғана емес, премьер-министрдің орынбасары болды.
Үкіметтің жаңа құрамы:
Әлихан Смайылов – премьер-министр;
Роман Скляр – премьер-министрдің бірінші орынбасары;
Мұрат Нұртілеу – премьер-министрдің орынбасары – сыртқы істер министрі;
Ерұлан Жамаубаев – премьер-министрдің орынбасары – қаржы министрі;
Серік Жұманғарин – премьер-министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі;
Алтай Көлгінов – премьер-министрдің орынбасары;
Ғалымжан Қойшыбаев – премьер-министрдің орынбасары – Үкімет аппаратының басшысы;
Руслан Жақсылықов – қорғаныс министрі;
Марат Ахметжанов – ішкі істер министрі;
Дархан Қыдырәлі – ақпарат және қоғамдық даму министрі;
Ербол Қарашөкеев – ауыл шаруашылығы министрі;
Азамат Есқараев – әділет министрі;
Саясат Нұрбек – ғылым және жоғары білім министрі;
Ажар Ғиният – денсаулық сақтау министрі;
Тамара Дүйсенова – еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі;
Марат Қарабаев – индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі;
Асхат Оралов – мәдениет және спорт министрі;
Ғани Бейсембаев – оқу-ағарту министрі;
Юрий Ильин – төтенше жағдайлар министрі;
Әлібек Қуантыров – ұлттық экономика министрі;
Бағдат Мусин – цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш министрі;
Зүлфия Сүлейменова – экология және табиға ресурстар министрі;
Алмасадам Сатқалиев – энергетика министрі.