Түркістан облысында есірткіні үйінде сақтаған ер адам ұсталды

Динара Амантай

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр

Фото: polisia.kz

Түркістан облысында 1 келіден аса есірткіні үйінде сақтаған ер адам ұсталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, жедел уәкілдер шұғыл іздестіру іс-шаралары барысында бұрын сотты болған Арыс қаласының тұрғынын ұстаған. Күдіктінің үйін тінту кезінде өсімдік тектес есірткі затына ұқсас 20 полиэтилен пакет орамасы тәркіленді. Полицейлер тәркіленген заттай дәлелдемелерді сараптамаға жолдады. Қорытындыға сәйкес, әрбір орамадағы есірткінің шамамен 60-70 грамды құраған кептірілген марихуана екені анықталды. Олардың жалпы салмағы 1 келіден асатын марихуана есірткісі болып шықты.

ҚР ҚК 296-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті қамауға алынды.