Болат Ақшолақов президенттің кеңесшісі болды
Алмасадам Сәтқалиев Энергетика министрі болып тағайындалды, деп хабарлады Ақорда.
Мемлекет басшысының жарлығымен Алмасадам Майданұлы Сәтқалиев Энергетика министрі лауазымына тағайындалды, - делінген ақпаратта.
Бұған дейін Энергетика министрі қызметін атқарған Болат Ақшолақов президенттің кеңесшісі лауазымына тағайындалды.
Еске салайық, Алмасадам Сәтқалиев 2021-2023 жылдары «Самұрық-Қазына» қорын басқарды.
Ал, Болат Ақшолақов 2022 жылдың қаңтарынан бастап Энергетика министрі лауазымын атқарды.