×

Алмасадам Сәтқалиев Энергетика министрі болды

Болат Ақшолақов президенттің кеңесшісі болды

 Халық үні 04.04.2023 | 13:49
Фото: ашық дереккөз

Алмасадам Сәтқалиев Энергетика министрі болып тағайындалды, деп хабарлады Ақорда.

Мемлекет басшысының жарлығымен Алмасадам Майданұлы Сәтқалиев Энергетика министрі лауазымына тағайындалды, - делінген ақпаратта.

Бұған дейін Энергетика министрі қызметін атқарған Болат Ақшолақов президенттің кеңесшісі лауазымына тағайындалды.

Еске салайық, Алмасадам Сәтқалиев 2021-2023 жылдары «Самұрық-Қазына» қорын басқарды.

Ал, Болат Ақшолақов 2022 жылдың қаңтарынан бастап Энергетика министрі лауазымын атқарды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама