Halyq Uni логотип
×

Атыраудың тұрғыны сатылған көлігінің салығы мен айыппұлын төлеп келген

Автокөліктің қазіргі иесі Қаскелең қаласынан табылды

 Дастан Жұмабекұлы 04.04.2023 | 12:10
Атыраудың тұрғыны сатылған көлігінің салығы мен айыппұлын төлеп келген
фото: ашық дереккөз

Атырау қаласының тұрғыны 15 жыл бұрын сатылған көлігінің салығы мен айыппұлын төлеп келген.

1966 жылы туған әйел 2008 жылы өз меншігіндегі ГАЗель автокөлігін сатып жіберген. Polisia.kz-тің хабарлауынша, сол кезден бері ол автокөліктің барлық салықтары мен айыппұлдарын төлеп отырған.

Ол соңғы 5 жылда ГАЗель автокөлігін іздеп, 2022 жылы Атырау облысы ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Руслан Мәжитовтің қабылдауында болған.

Автокөліктің Алматы облысының Қаскелең қаласында екені анықталып, қазіргі иесі табылды.

Қала тұрғыны автокөлікті тіркеуден шығарды. Қазіргі иесі биыл 20 наурыздан бастап автокөліктің 800 мың теңге көлеміндегі салықтары мен айыппұлдарын өтеуге келіскен.

Атыраулық тұрғын полиция қызметкерлеріне алғыс айтты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама