Halyq Uni логотип
×

Атырау облысында киіктің 137 дана мүйізі тәркіленді

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды

 Динара Амантай 04.04.2023 | 10:37
Атырау облысында киіктің 137 дана мүйізі тәркіленді
Фото: polisia.kz

Атырау облысында жер астына көмілген киіктің 137 дана мүйізі табылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

ІІО мәліметінше, 24 наурызда Құрманғазы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері 1990 жылы туған аудан тұрғынының мекен-жайын тексеру барысында жер астына көмілген 137 дана киік мүйізін және 1 дана қол арасын тәркілеген.

ҚР ҚК 339-бабының 1-1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.

Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама