×

Павлодар облысында жантүршігерлік жол апаты болды

Құрбандар бар

 Халық үні 07.04.2022 | 12:00
фото: ашық дереккөзден

Павлодар облысында жантүршігерлік жол апаты үш адамның өмірін қиды.

6 сәуірде сағат 16.45-те Павлодар-Қызылорда автожолының 1279 шақырымында, Екібастұз қаласынан 20 км қашықтықта Chevrolet Cobalt көлігінің 32 жастағы жүргізушісі рөлді басқара алмай, кюветке аударылып кетті. Апат салдарынан 56, 46, және 14 жастағы көлік жолаушылары алған жарақаттардан оқиға орнында көз жұмды. Көлік жүргізушісі мен 35 жастағы жолаушы түрлі жарақатпен ауруханаға түсті, – деді Павлодар облысының полиция департаменті.

Тәртіп сақшылары атап өткендей, бұл фактіге сәйкес қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама