Halyq Uni логотип
×

Бензин қымбаттайды: басқа тауарлардың да бағасы өсе ме?

12 сәуірден бастап Қазақстанда жанар-жағармай бағасы көтеріледі

 Дәурен Ерболат 03.04.2023 | 18:03
Бензин қымбаттайды: басқа тауарлардың да бағасы өсе ме?
көрнекі фото: ашық дереккөзден

Энергетика министрінің міндетін атқарушы Болат Ақшолақов елімізде бензин қымбаттаған жағдайда басқа да тауарлардың бағасы өсуі мүмкін бе, деген сұраққа жауап берді пікір білдірді.

Алдағы уақытта бензин бағасы – 11%, дизель отыны 20% қымбаттайды. Бұл фактор басқа да тауарлардың бағасына әтуі мүмкін.

«Біріншіден, біз жанар-жағармай бағасын 2 есе көтергелі жатқан жоқпыз: бензин бағасы 11%, дизель отыны шамамен 20% көтеріледі. Ашығын айтқанда, жанар-жағармай өнімдері бағасының өсуі (басқа тауарларға әсері – авт.) бұл асыра айтылған деп ойлаймын.

Статистиканы қараңыз, 2021-2022 жылдары жанар-жағармай бағасы өзгерген жоқ. Алайда тауарлар осы уақыт ішінде олар «өз өмірін сүрді». Тауарлардың бағасы айтарлықтай көтеріледі деп ойламаймын. Алайда өсімді бақылау керек. Баға өсуі мүмкін. Меніңше, мұның бәрі жоспардағы инфляция шегінде болады, - деді Болат Ақшолақов ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Айта кетейік, 12 сәуірден бастап Қазақстанда жанар-жағармай қымбаттайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама