Бұған дейін Әлихан Смайылов бастаған Үкіметтің өкілеттігі тоқтатылды
Руслан Жақсылықов пен Марат Ахметжанов министр болып қайта тағайындалды, деп хабарлады Ақорда.
Мемлекет басшысының жарлығымен қорғаныс министрі лауазымына Руслан Фатихұлы Жақсылықов тағайындалды, - делінген ақпаратта.
Сондай-ақ Марат Ахметжанов әрі қарай елдің ішкі істер министрі қызметін жалғастырады.
Айта кетейік, Мәжіліс депутаттары сайланғаннан кейін Әлихан Смайылов бастаған Үкіметтің өкілеттігі тоқтатылды.
Конституциясның 70-бабының 1-тармағына және «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» заңның 4-бабына сәйкес жаңадан сайланған парламент мәжілісінің алдында Үкіметтің өкілетті тоқтатылады.