Halyq Uni логотип
×

Қарағанды облысында контрабандамен айналысқан басшы сотталды

Жалпы құны 390 млн теңгеден асатын контрабанда заттары мемлекет кірісіне айналдырылды

 Динара Амантай 03.04.2023 | 11:34
Қарағанды облысында контрабандамен айналысқан басшы сотталды
Фото: Halyq Uni

«Сары-Арка» АЭА» бекетінің бұрынғы басшысы криптовалюта жабдықтарының контрабандасын жасағаны үшін сотталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қарағанды облыстық соты қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының 20 наурыздағы үкімімен А.Оспанов аса ірі мөлшерде экономикалық контрабанда жасағаны үшін сотталды.

Сотталушының Грузиядан криптовалюта өндіру үшін «майнерлерді» алдап кіргізудегі тікелей рөлі Қарағанды көлік прокуратурасының мемлекеттік айыптаушысымен сотта егжей-тегжейлі дәлелденді.

Сот отырысында Қарағанды облысының Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлерімен «еркін экономикалық аумақта» декларация тапсыру тәртібінің ерекшеліктерін жақсы меңгерген және кеден органдарында 23 жылдық тәжірибесі бар «Қарағанды кешенді қорытпалар зауыты» ЖШС-нің өкілі Оспановтың жалған ниетінің болғанын жедел түрде құжаттағаны расталды.

Сонымен қоса, Оспанов зауыт жалдаған кеден брокерлерін есептеу техникасы аумағында кедендік төлемдер төленбейтін экономикалық аумақты металлургия өндірісінің қуатын толықтыру үшін пайдалану қажет деп сендірген.

Сот шешімімен жалпы құны 390 млн теңгеден асатын контрабанда заттары мемлекет кірісіне айналдырылды. Оның 1 779 данасы – «Ant-Miner S9» маркалы майнингке арналған жабдық және 10 мың данасы – қоректендіру блогына арналған кабель.

Сот актісі заңды күшіне енді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама