Halyq Uni логотип
×

Былтыр АӘК алған 94 мыңнан аса отбасы кедейліктен шықты

Әлеуметтік көмек алушылардың ең көп саны - Түркістан облысында

 Динара Амантай 03.04.2023 | 11:11
Былтыр АӘК алған 94 мыңнан аса отбасы кедейліктен шықты
Фото: Halyq Uni

Мемлекеттік қолдау шараларының арқасында 2021 жылы атаулы әлеуметтік көмек алған 94 142 отбасы 2022 жылы кедейлік жағдайынан шықты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрілігінің мәліметінше, былтыр АӘК алушылар саны 141,5 мың отбасын (728,7 мың адам) құрады. Осы жылдың 1 наурызында 84,7 мың отбасы АӘК (444,9 мың адам) алған.

Өңірлік бөліністе өткен жылдың қорытындысы бойынша АӘК алушылардың ең көп саны Түркістан облысында (34,9 мың отбасы немесе 24,7%), Шымкент қаласында (16,5 мың отбасы немесе 11,7%), Қызылорда облысында (12,1 мың отбасы немесе 8,6%), Алматы облысында (10,7 мың отбасы немесе 7,5%), Жамбыл облысында (9,2 мың отбасы немесе 6,5%), Жетісу облысында (8 мың отбасы немесе 5,6%) тіркелген.

АӘК тағайындауларының ең аз саны Ұлытау облысында (654 отбасы немесе 0,5%), Атырау облысында (1,2 мың отбасы немесе 0,8%), Солтүстік Қазақстан облысында (2 мың отбасы немесе 1,4%), Ақмола облысында (2,6 мың отбасы немесе 1,8%) тіркелген.

  • АӘК алушылардың құрылымында басым көпшілігі балалардың (64,2% немесе 468,1 мың адам) үлесінде.
  • 16,4% немесе 119,3 мың адам – жұмыс істейтін азаматтар;
  • 12,5% немесе 91 мың адам – балаларға, қарттарға, мүгедектігі бар адамдарға күтім жасайтын адамдар;
  • қалған 6,9% – азаматтардың басқа санаттарына тиесілі.

Қабылданған шаралардың, әсіресе жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартудың нәтижесінде 2022 жылы атаулы әлеуметтік көмек алған 141,5 мың отбасы, өз өмірін қалыпқа келтіру үшін берілген мүмкіндікті сәтті пайдаланған 94,1 мың отбасы кедейлік жағдайынан шықты. 2021 жылы АӘК алған 198,4 мың отбасының 51,4 мыңы кедейлік жағдайынан шықты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама