БҚО-да екі жас жігіт экспедиторды тонады

Динара Амантай

Сотқа дейінгі тергеу басталды

Фото: polisia.kz

Батыс Қазақстан облысында 2 ер адам экспедиторды тонап кеткен, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, оқиға 1 сәуірде Мичурино ауылында болған. Екі жас жігіт зорлық-зомбылық көрсетіп, экспедитордан 1,8 млн теңге сомасында ақшасы бар пакетті тартып алған. 1990 жылы туған жәбірленуші өзін бетперде киген шабуылдаушылардың беттен бірнеше рет ұрғанын хабарлаған. Ақшаны тартып алғаннан кейін қарақшылар оқиға орнынан ВАЗ 2115 көлігімен бой тасалаған.

Аталған жағдайға қатысты 1996 және 1997 жылы туған күдіктілер ұсталып, тергеу изоляторына қамауға алынды. ҚР ҚК 191-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.