Halyq Uni логотип
×

Жаңаөзенде жігіттердің ит атып жүргені желіде наразылық тудырды (ВИДЕО)

Өлген иттердің арасында тірі күшік пен овчарка да бар болып шықты

 Еркеғали Болатұлы 02.04.2023 | 15:03
Жаңаөзенде жігіттердің ит атып жүргені желіде наразылық тудырды (ВИДЕО)
фото: дереккөз

Әлеуметтік желілерде Жаңаөзенде ит атып жүргендердің видеосы тарап жатыр. Кадрдан ер адамның атылған 18 иттің өлексесін шұңқырға лақтырып жатқанын көруге болады. Бұл туралы Lada.kz хабарлады.

Өлген иттердің арасында тірі күшік пен овчарка да бар болып шықты.

«Біз мұнда иттердің барлығын емдеп, оларды құтқаруға тырысып жатсақ, олар келіп өлтіріп жатыр. Тірілерін көлікке артып, қоқысқа апарып тастайды. Мұнда не болып жатыр өзі?!» - деп еңреп жылап жүр жануарларды қорғаушы әйел.

Оны көрген кейбір желі қолданушылар да наразылық танытып, шенеуніктердің бұл оқиғаға назар аударуын сұрап отыр.

Еске сала кетсек, елімізде бұралқы иттерді атуға тыйым салынған. Заң бойынша оларды ұстап, чиптеп, зарарсыздандыру керек.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама