Бұл – қазірдің өзінде Астанадағы «Русский дом» өткізетін дәстүрлі көрме
Астанада 1-2 сәуірге ұйымдастырылған көрмеге Ресейдің 39 жетекші жоғары оқу орнының өкілдері қатысып жатыр, деп хабарлады «Русский дом».
Көрмеде ұсынылған университеттер мамандарды даярлаудың барлық дерлік бағыты бойынша жоғары білімді ұсынады. Көрме басталғаннан кейін достарымен немесе туыстарымен барған үміткерлер стендтерге жақын келіп, қажетті мәліметті сұрастыра бастаған.
Бұл – қазірдің өзінде Астанадағы «Русский дом» өткізетін дәстүрлі көрме. Таңертеңнен бастап келушілер өте көп. Олар Ресей университеттерінің өкілдеріне өз сұрақтарын қойып жатыр. Бүгінде мұнда 39 жоғары оқу орны ұсынылған, - деді Астанадағы «Русский дом» жетекшісі Ольга Филонова.
Сонымен қатар ол барлық ресейлік жоғары оқу орнында студенттердің жайлы өмір сүруі мен оқуы үшін жағдай жасалғанын және олардың бейімделуімен айналысатынын атап өтті.
Көбінесе олар медициналық және IT университеттеріне қызығушылық танытады. Көбі Мәскеуге немесе Санкт-Петербургке түскісі келеді. Бірақ көптеген аймақтық оқу орындарындағы білім деңгейі мен жағдайлары астаналық оқу орындарынан еш кем түспейді, - деді ол.
Сондай-ақ Мәскеуден келген Биотехнологиялық университеттің (Росбиотех) өкілі Евгений Битус қазақстандықтардың бұл университетке 23 бағыт бойынша грантқа түсе алатынын айтты.
«Бізде елдер арасында келісім бар, соның арқасында қазақстандық талапкерлер біздің университетте тегін оқи алады. Мен өзім бірнеше рет Қазақстанның аймақтарына барып, университетке оқуға шақырдым. Қазір бізде Қазақстаннан келген студенттер бар. Олар бакалавр бойынша білім алып жатыр, магистратураны бітіргендер де бар. Қыздар тамақ өнекәсібі саласын көбірек таңдайды, ал жігіттер аддитивті және ақпараттық технологияларға бейім», - деді Евгений Битус.