Жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша тексеру жүріп жатыр
Павлодар қаласында жол апатынан жолаушы қаза тапты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, бүгін сағат 12:45 шамасында Аudi автокөлігінің жүргізушісі кіші айналма көшесі бойында КҚ-на жол бермей, Hennigdorf тіркемесі бар Man автокөлігімен соқтығысқан. Audi автокөлігінде болған жолаушы оқиға орнында қаза тапты.
Жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша тексеру жүріп жатыр. Оқиғаның мән-жайы мен себептері тексеру барысында анықталады.