×

Жетісу облысында жылу қазандығы жарылып, жұмысшы қаза тапты

Жарылыстың себебі анықталып жатыр

 Динара Амантай 01.04.2023 | 15:15
Фото: Жетісу облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жетісу облысының Көксу ауданында жылу қазандығы жарылып, бір жұмысшы қаза тапты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

1 сәуірде сағат 8:52-де Көксу ауданы 10 жылдық Қазақстан ауылында жалпы ауданы 22 шаршы метр жылу қазандығы жарылды. Апат салдарынан оқиға орнында бір жұмысшы қаза тапты, - делінген аудан әкімдігінің хабарламасында.

Қаза болған жұмысшы 58 жаста. Бес баласы бар.

Қазір қауіп төніп тұрған жоқ. Жарылыстың себебі анықталып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама