×

Президент мамырда Қырғызстанға сапарлайды

Көрші елге мемлекеттік сапар жоспарланған

 Халық үні 06.04.2022 | 17:00
фото: ашық дереккөзден

Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан басшысы Садыр Жапаровпен телефон арқылы сөйлесті. Мемлекет басшылары сауда-экономикалық ынтымақтастық пен халықаралық аренадағы өзара іс-қимылды нығайтуға баса назар аудара отырып, қазақ-қырғыз стратегиялық әріптестігінің даму перспективаларын талқылады.

Тоқаев биылғы мамыр айында Қырғызстанға жасайтын мемлекеттік сапары екі ел арасындағы стратегиялық әріптестікке сөзсіз тың серпін беретінін атап өтті, – дейді Ақорда.

Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровты Құмтөр алтын кен орнының мәртебесі туралы келіссөздердің сәтті аяқталуымен құттықтады.

«Бұдан бөлек президенттер бірін-бірі қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады», – делінген ақпаратта.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама