×

Павлодарда оқушы қызды екі рет көлік қағып кете жаздады (ВИДЕО)

Көлік жүргізушілеріне 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды

 Динара Амантай 31.03.2023 | 16:25
Фото: polisia.kz

Павлодарда оқушы қызды екі рет көлік қағып кете жаздады, Halyq Uni тілшісі.

Бейнематериалдардың бірінде жүргізушілердің жол қозғалысы ережелерін бұзу фактісі тіркелген. Екі жүргізуші реттелмеген жаяу жүргіншілер жолынан өтіп бара жатқан кәмелетке толмаған қызды жолдан өткізбеген. Кездейсоқтықтың арқасында қыз екі рет соқтығысудан аман қалды.

Жаяу жүргіншіге жолдан өтуге мүмкіндік бермегені үшін Hyundai Accent автокөлігінің 36 жастағы жүргізушісі және Volkswagen Touran автокөлігінің 56 жастағы жүргізушісі ҚР ӘҚБтК-нің 600-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Әрқайсысына 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Сондай-ақ жүргізушілермен осындай фактілерге жол бермеу туралы алдын алу әңгімесі жүргізілді. Полиция жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау, жаяу жүргіншілер жолдарының, автобустар мен трамвай аялдамаларының жанында сергек және мұқият болу керектігін ескертеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама