Halyq Uni логотип
×

Елімізде 3 мыңнан астам жұмыскер жалақысын ала алмай жүр

Еңбек инспекторлары 241 кәсіпорынның қарызын анықтаған

 Дастан Жұмабекұлы 31.03.2023 | 16:06
Елімізде 3 мыңнан астам жұмыскер жалақысын ала алмай жүр
фото: ашық дереккөз

Еліміздегі 73 кәсіпорын 3 мыңнан аса жұмыскерге жалақысын бермей келеді. Кәсіпорындардың берешек сомасы 1,5 млрд теңгеге жуықтаған. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы Төлеген Оспанқұлов айтты.

Оның айтуынша, жалақысын ала алмай жүрген жұмысшылардың көбі – Маңғыстау облысының тұрғындары. Содан кейін Алматы қаласы мен Абай облысында жұмысшылар тиісті айлығын ала алмай келеді. Жыл басынан бері еңбек инспекторлары еліміздің 241 кәсіпорнының қарызын анықтаған. Соның нәтижесінде мекеме басшыларына 241 ұйғарым беріліп, 31 млн теңгеден аса әкімшілік айыппұл салынған.

Сот орындаушылары борышкерлердің мүлкіне тыйым салады. Шетелге шығуын шектейді. 2022 жылы оларға 47 іс жіберілді. Ал осы жылдың екі айында 14 іс берілді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама