Әзірше айып тұрағына әкімшілік айыппұлдар бойынша берешегі бар 34 көлік қойылды
Астанада борышкерлерге әкімшілік айыппұлдар туралы 3,5 мыңнан аса хабарлама жіберілді.
Polisia.kz-тің хабарлауынша, Астана қаласында 20 наурызда «Борышкер» жедел алдын алу іс-шарасы басталған. Бүгін аяқталатын шара әкімшілік айыппұлдар бойынша берешегі бар азаматтарды, сондай-ақ көрінеу жалған нөмірлері бар көлік жүргізушілерін анықтау мақсатында өткізіліп жатыр.
Іс-шарада жеке сот орындаушыларымен әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алу туралы қаулыларды орындау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Қасақана айыппұл төлемейтіндердің көліктері айып тұрағына қойылады.
Айта кетсек, полиция қызметкерлері 10 күн ішінде әкімшілік айыппұлдар желісі бойынша жалпы сомасы 45 млн теңгеге 3,5 мыңнан астам хабарлама таратқан. Бұдан басқа, коммуналдық тұраққа әкімшілік айыппұлдар бойынша берешегі бар 34 көлік қойылып отыр.