×

Павлодар облысында анасын балағаттаған адам қамауға алынды

Азаматтық некеде тұратын ерлі-зайыптылар жанжал шығарған

 Дастан Жұмабекұлы 31.03.2023 | 13:10
фото: ашық дереккөз

Павлодар облысында анасын балағаттаған адам қамауға алынды. Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, сағат 08:30-да Шегірен ауылында 53 жастағы ер адам мас болып, бірге тұратын әйелімен бірге 73 жастағы анасына жанжал шығарған. 

Азаматтық некеде тұратын ерлі-зайыптылар егде жастағы әйелге балағат сөздер айтқан. Сөйтіп, туған баласының қорлауына төтеп бере алмаған анасы полиция шақырған. Одан кейін материалдар сотта қаралып, отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында құқыққа қарсы іс-қимылдар жасауына байланысты ер адам мен онымен бірге тұратын әйелге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабы 1-бөлігі және 461-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Сот шешімі бойынша  жанжал шығарғандар екі тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама