Ел бар, халық бар. Халық молданы асыраған, - дейді ол
Әлеуметтік желілер арқылы заманауи бағыттағы уағыздарымен жұртқа жаққан дінтанушы, имам Нұрлан Байжігітұлы қазір үй-күйсіз жүр. Бұл туралы Caravan.kz хабарлады.
«Көпбалалы әкесіз. Естуімше, 7 балаңыз бар. Көп баланы асырау оңай емес. Бала-шағаны қалай асырап жатырсыз? Бір айлықпен қалай жеткізесіз?» - деген сұрақ қойған екен желі қолданушылардың бірі.
Ел бар, халық бар. Халық молданы асыраған. Үйім жоқ. Бала-шағаммен мешіттің ішінде тұрамын. Балаларым сабақты қоғамдық көлікпен қатынап оқиды.
Үй беремін дегендер болды. Оны қабыл алмадым. Себебі оның арғы жағында мүдде бар. Мен біреудің проектісі болғым келмейді», - деп жауап берген Нұрлан Байжігітұлы.