Halyq Uni логотип
×

Ақтөбелік азамат бұрынғы әйелі және оның сүйіктісімен бір пәтерде тұратын болды

Әйел соттың шешіміне еш қарсылық білдірмеген

 Еркеғали Болатұлы 31.03.2023 | 11:41
Ақтөбелік азамат бұрынғы әйелі және оның сүйіктісімен бір пәтерде тұратын болды
фото: inform.kz

Ақтөбеде сот ер адамға бұрынғы әйелі және оның сүйіктісімен бір пәтерде тұруға рұқсат берді. Іс азаматтық сотта қаралды, деп хабарлады «Диапазон» газеті.

Ер адам өз арызында ажырасқан соң әйелінің екеуіне ортақ пәтерде тұратынын мәлімдеген. Кейін ол сотқа шағымданып, бөлмелердің бірінде тұруға рұқсат беруді әрі дәліз, ас үй мен дәретхананы да бірге қолдануды сұраған.

Сот шағымданушының арызын қабылдап, пәтердегі 15,7 шаршы метрді ер адамның қолдануына берген. Ал 13,2 шаршы метрді бұрынғы әйелі мен оның қазіргі сүйіктісіне қалдырған. Сондай-ақ пәтер тұрғындары дәретхана, жуынатын бөлме, ас үй мен дәлізді бірге пайдаланады.

Әйел соттың бұл шешіміне еш қарсылық білдірмеген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама