Ер адам оқиға орнында қаза тапты
Қостанай облысында жүргізуші жылу трассасына соғылып, салдарынан оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, кеше сағат 14:49-да Арқалық қаласында ВАЗ автокөлігінің 28 жастағы жүргізушісі Ш.Жәнібек көшесімен келе жатып, рөлге ие бола алмай, жылу трассасына соғылған. Жол апаты салдарынан жүргізуші қайтыс болды.
Қазір аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптама тағайындалып, қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.