Шымкенттік 38 кәсіпкер бюджеттің 142 миллион теңгесін заңсыз иеленген
Жалпы, соңғы 3 жылда 50 кәсіпкерге мемлекеттік грант заңсыз берілген
Шымкентте кәсіпкерлікті дамыту үшін бөлінген қаржы 38 кәсіпкерге негізсіз берілген.
Заң бойынша қайтарымсыз қаржы жаңа әрі тиімді бизнес жобаларды қолдауға берілуге тиіс. Алайда ақша наубайхана, ателье, сұлулық салоны, кондитерлік цех ашқысы келетін азаматтардың қолында кеткен. Осылайша 142 млн теңгенің желге ұшқаны анықталды.
Жалпы, соңғы 3 жылда 50 кәсіпкерге мемлекеттік грант заңсыз берілген. Қазір олардың жетеуі сотта қаралып жатыр. Тағы 38 жобаға бөлінген қаржыны қазынаға қайтару туралы шешім қабылданды. Сондай-ақ грант қаржысын бөлу ережесіне өзгеріс енгізу туралы ұсыныс жасалды.
Комиссияның тағы бір заңсыз әрекеті, жобасы мақұлданған кәсіпкерлерге мүмкіндігінше көп сома беруге тырысқан. Оның шектік мөлшері – 5 миллион теңге. Әрбір жобаның өзіндік ерекшелігіне сай жұмсалатын шығыны әртүрлі болғанына қарамастан барлығына біркелкі қаржы берілген.
Қабылданған өтінімдердің 70 пайызында осындай сыбайластық тәуекелдері анықталып отыр», - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаментінің басқарма басшысы Алексей Колосков.