×

Көкшетауда ПБ бастығының орынбасары алаяқтығы үшін сотталды

Ол полиция майоры атағынан айырылды

 Динара Амантай 30.03.2023 | 12:16
Фото: baigenews.kz

Көкшетауда полицей алаяқтық және пара беруге итермелегені үшін сотталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Биыл 27 наурызда Көкшетау қалалық соты қалалық полиция басқармасы бастығының орынбасары, полиция майорына қатысты айыптау үкімін жариялады.

Полиция қызметкері кәсіпкердің 49 700 АҚШ доллары көлеміндегі ақшалай қаражатын алаяқтық жолмен иемденгені және оны басқа орган тергеп жатқан қылмыстық істі тоқтату үшін пара беруге итермелегені үшін кінәлі деп танылды.

Ол қауіпсіздігі орташа түзету мекемесінде жазасын өтеуге 8 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылып, өмір бойы мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан, сондай-ақ «полиция майоры» арнайы атағынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама