Halyq Uni логотип
×

Көкшетауда дәмханадағы астан 17 адам уланып қалды

Кафеде уланған студенттердің бәрі сушиге тапсырыс берген

 Дастан Жұмабекұлы 30.03.2023 | 11:51
Көкшетауда дәмханадағы астан 17 адам уланып қалды
фото: ашық дереккөз

Көкшетау қаласындағы дәмханадан кешкі ас ішкен 17 адам уланып қалды. Олардың бәрі студент болған. Ақмола облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің хабарлауынша, жастар сушиден уланып қалған.

Осыған байланысты Ақмола облысының санитарлық дәрігерлері жапон тағамдарын сатып алуда абай болуға шақырады.

Кешкі ас ішіп, уланған студенттердің бәрінде жүрек айну, құсу, диарея және дене қызуы болған. Осыдан кейін Санитарлық қызмет дәмханаға жоспардан тыс тексеру жүргізіп, аурудың таралуына санитарлық ережелердің өрескел бұзылғанын анықтады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама