×

Тоқаев инфляцияны екі есе төмендетуді тапсырды

Президент азық-түліктің бағасын реттеу қажет екенін айтты 

 Дәурен Ерболат 30.03.2023 | 11:40
Фото: Halyq Uni

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке бірқатар тапсырма берді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

«Біріншіден, тұрақты экономикалық өсімнің жылына кем дегенде 4 пайыз болуын қамтамасыз ету керек. Сондықтан экономиканың даму үлгісін түбегейлі өзгертуіміз керек. Ол үшін әртараптандыру жұмысын жүйелі жүргізіп, нарық қағидаларын нығайту маңызды. Түпкі мақсатымыз – жоғары технологияға негізделген, өзін-өзі толық қамтамасыз ететін және бәсекеге қабілетті экономика құру...», - деді президент Мәжілістің жалпы отырысында.

Ол қымбатшылықпен күресуді тапсырды.

Екіншіден, инфляцияны тежеу қажет. Биыл оны кемінде екі есеге төмендету керек. Ең алдымен, азық-түліктің бағасын реттеу аса маңызды. Сол себепті агроөнеркәсіп кешенін және сауда-саттықты дамыту – негізгі басымдықтың бірі. Ішкі нарықты өз өнімдерімізбен барынша қамтамасыз ету қажет. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін және оның қосымша құнын арттыру керек», - деді мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, инфрақұрылымды дамыту маңызды.

«Үшіншіден, инфрақұрылымды дамыту қажет. Энергетика, су және көлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған кешенді шаралар қабылдануға тиіс. Энергетикалық активтерді жаңғыртуға жақын арада жаңа инвестиция тарту керек. Бұл жұмысты «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасы арқылы іске асыруға болады», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама