Сотталушы бауырының сол жақ көкірек тұсынан, яғни жүрегінен бір рет пышақпен сұғып алған
Түркістан облысында өзінің туған ағасын пышақтап өлтірген азаматқа қатысты іс қаралды.Бұл туралы otyrar.kz хабарлады.
Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының хабарлауынша, күдікті былтыр 21 қыркүйекте сағат 20:00 шамасында өзінің ағасы Е.-мен сөзге келіп қалып, жәбірленуші Е. сотталған Н.-ны ұрып жіберген. Сотталушы Н. ағасына қол көтермей, үйінен 3 шақырым жерде орналасқан баудағы арқандаулы тұрған малдарына қарауға өзінің ВАЗ-2106 маркалы автокөлігіне отырып кетіп қалған.
Келесі күні сағат 07:30 шамасында үйіне келіп, өз үйінде таңғы асын ішіп отырғанда жәбірленуші Е. 100 мың теңге қарызын сұраған. Сотталушы Н. қазір өзінде 100 мың теңгенің жоқ екенін, кейін малын сатып беретіндігін айтқан. Сол арада екеуі ұрсысып, айқайласып, ас бөлмесінен шығып, төбелескен. Іс материалдарымен танысу кезінде анықталғандай, сотталушы Н. не істерін білмей, ағасына шамасы келмейтінін біліп, шкаф ішінде тұрған сабы ақ түсті асхана пышағын алып, жәбірленуші Е.-нің солң жақ көкірек тұсынан, яғни жүрегінен бір рет сұғып алған. Соның салдарынан жәбірленуші Е. бірден көз жұмған, – делінген хабарламада.
27 ақпанда соттың үкімімен сотталушы ҚР ҚК 112-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, 1 жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енбеген.