McKinsey компаниясында 47 мыңға жуық адам жұмыс істейді
АҚШ-тың McKinsey & Co консалтингтік компаниясы қызметкерлерін жұмыстан шығаруды жоспарлап отыр.
Bloomberg агенттігінің хабарлауынша, бұл туралы компанияның хабарламасында егжей-тегжейлі мәліметтер көрсетілмеген. Десе де жұмыстан қысқаратындар саны шамамен 1,4 мың қызметкер болатыны хабарланған.
McKinsey компаниясында 47 мыңға жуық адам жұмыс істейді. Бұл көрсеткіш – 5 жыл бұрынғыдан 28 мың адамға көп.
Айта кетсек, жыл басынан бері АҚШ-тың бірнеше ірі компаниясы экономикалық дағдарысқа байланысты өз жұмысшыларын қысқартып жатыр.