×

Тәжікстанда Украинадағы соғыста қаза тапқан азамат жерленді

Ислом Саидмуродовтың артында 3 баласы қалды

 Дастан Жұмабекұлы 29.03.2023 | 12:22
фото: ашық дереккөз

Тәжікстанда Украинадағы соғысқа Ресей әскері құрамында қатысып, қаза тапқан азамат жерленді. Бұл туралы rast.kz хабарлады.

«Озоди» радиосынан мәлімет алған сайттың хабарлауынша, ол Ресей түрмесінде жазасын өтеп жатқан 48 жастағы Ислом Саидмуродов деген азамат болған. Оның жаназасы 23 наурыз күні Нурек қаласындағы Пули Сангин қышлағындағы үйінен шығарылыпты.

Ислом Саидмуродов 2005 жылы заңсыз есірткі тасымалын жасағаны үшін сотталып, Ресей түрмелерінің бірінде жазасын өтеп жүрген. Марқұмның інісі Курбонали Саидмуродовтың айтуынша, туған-туысқандары Исломның Украинадағы соғыста жүргенін білмеген.

Ол соңғы рет бізбен былтыр қарашада хабарласты. Бірақ өзінің қайда жүргенін айтпады, – деді ол.

Тәжікстан азаматының қайда және қандай жағдайда қаза тапқаны туралы дерек жоқ. Артында 3 баласы қалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Абай облысындағы орман өртінің ауданы 30 мың гектарға жетті

Өрт ошақтарына әуеден 55 рет су төгілді
09.06.2023 | 14:30

«Сегіз айда бес елде тұрдық»: Ресейдегі мобилизациядан қашқан жігіттің оқиғасы

Байрас Азаматов еліне оралғысы келетінін айтады
09.06.2023 | 14:17

Қазақстанда Әдеп жөніндегі үздік уәкілдер анықталды

Республикалық конкурстық комиссияның отырысы өтті
09.06.2023 | 14:07

Президент Босния және Герцеговина Президиумының төрағасымен кездесті

Келіссөздер нәтижесінде екіжақты ынтымақтастықты жандандыру бойынша уағдаластыққа қол жеткізілді
09.06.2023 | 13:51