Halyq Uni логотип
×

Атырау облысында заңсыз ауланған 417 келі бекіре тұқымдас балық тәркіленді

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр

 Динара Амантай 29.03.2023 | 12:12
Атырау облысында заңсыз ауланған 417 келі бекіре тұқымдас балық тәркіленді
Фото: polisia.kz

Атырау облысында заңсыз ауланған 417 келі бекіре тұқымдас балық тәркіленді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 25 наурызда Құрманғазы ауданы ПБ-ның қызметкерлері 1980 жылы туған аудан тұрғынының басқаруындағы Газель автокөлігін тексеру кезінде жалпы салмағы 417 келіні құрайтын бекіре тұқымдас балықты тәркілеген.

Аталған дерек бойынша Құрманғазы ауданының ПБ ҚР ҚК 339-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр.

Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама