Сондай-ақ 13 жастағы қыз балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды
Ақтөбеде пәтерлердің бірінен екі мәйіт табылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, бүгін сағат 05:30 шамасында 102 телефонына Ақтөбе қаласындағы тұрғын үйдің пәтерлерінің бірінен екі мәйіт табылғаны туралы хабарлама келіп түскен. Келген жедел-тергеу тобы пәтерден 35 жастағы әйелдің және оның 16 жастағы ұлының зорлықпен өлім белгілері бар мәйіттерін тапты. Сонымен қатар қаза тапқан әйелдің 13 жастағы қызы пышақ жарақатымен балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды.
ҚР ҚК-нің 99-бабы 3-бөлігі («Кісі өлтіру») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Осы қылмысты жасаған адамдарды анықтауға және ұстауға бағытталған арнайы және жедел іс-шаралар өткізіліп жатыр.