×

«Қазақстанның халық әртісі» атағы қайта қалпына келтіріледі

Республика күнінде бұл атаққа лайықты мәдениет қайраткерлері марапатталады

 Дәурен Ерболат 29.03.2023 | 10:54
көрнекі фото: kazgazeta.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстанның халық әртісі» атағы қайта қалпына келтірілетінін айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Мемлекет басшысының пікірінше, мәдениет саласындағы саясатты жан-жақты ойластырып жүргізу керек.

«Қазір бұл саланы өркендету үшін жаңа тұжырымдама жасалып жатыр. Бұл құжат еліміздің мәдени мұрасын сақтау, насихаттау және ұлттық бірегейлікті нығайту ісінде шешуші рөл атқарады деп сенемін. Шығармашыл зиялы қауым көпшіліктің көңілінен шығатын, мемлекеттің мүддесіне сай келетін туындылар ұсынады деп үміттенемін. Осы ретте, креативті индустрияға жүйелі қолдау көрсету өте маңызды», - деді президент.

Мемлекет басшысы адам капиталын тұрақты дамыту жылдам өзгеріп жатқан қазіргі әлемде табысты ел болудың басты кепілі болады деп санайды.

«Біз ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру арқылы әділетті мемлекеттің және үйлесімді қоғамның негізін қалаймыз. Мен «Қазақстанның халық әртісі» атағын қайта қалпына келтіру туралы шешім қабылдадым. Биыл қазанда – Республика күнінде осы атаққа лайықты мәдениет қайраткерлерінің алғашқы тобы марапатталады», - деп сөзін түйіндеді президент.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама