Премьер-министрдің кандидатурасын сайлауда жеңіске жеткен партия ұсына алады
Президент саяси партиялардың кадрлық резервін жасақтауды ұсынды
Премьер-министрдің кандидатурасын сайлауда жеңіске жеткен партия ұсынуға құқылы. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламенттің бірлескен отырысында айтты, деп хабарлайды Halyq Uni.
Премьер-министрдің кандидатурасын сайлауда жеңіске жеткен партия мемлекет басшысына ұсынуға құқылы деп айттым. Осы ретте саяси жауапкершілік те сол партияға жүктеледі. Бұл тәсіл күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» тұжырымдамасына сай келеді. Үкімет әлеуметтік-экономикалық реформаларды іске асыруға тиіс, – деді мемлекет басшысы.
Президент болашақта Үкіметтегі және аймақтардағы басшылық қызметтерге түрлі партия өкілдерін тартқан жөн екенін айтты.
Ол үшін саяси партиялардың кадрлық резервін жасақтауды ұсынамын. Сондай-ақ, өкілді және атқарушы биліктің қарым-қатынасы жаңаша сипатқа ие болады, - деді Тоқаев.
Орталық сайлау комиссиясының ақпаратына сәйкес, сайлауда Amanat партиясы жеңіске жетті. Партиялар төмендегідей дауыс жинады:
- Amanat партиясы – 53,90% (40 орын);
- «Ауыл» партиясы – 10,90% (8 орын);
- Respublica партиясы – 8,59% (6 орын);
- Қазақстан халық партиясы – 6,80% (5 орын);
- «Ақ жол» партиясы – 8,41% (6 орын);
- Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы – 5,20% (4 орын).
Мәжіліс депутаты болғандардың толық тізімін мына жерден көруге болады.