Halyq Uni логотип
×

Әлихан Смайылов бастаған Үкіметтің өкілеттігі тоқтатылды

Үкіметтің жаңа құрамы бекітілгенге дейін барлығы өз міндетін атқарады

 Халық үні 29.03.2023 | 10:11
Әлихан Смайылов бастаған Үкіметтің өкілеттігі тоқтатылды
Фото: Sputnik.kz

Әлихан Смайылов бастаған Үкіметтің өкілеттігі тоқтатылды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Конституциясның 70-бабының 1-тармағына және «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» заңның 4-бабына сәйкес жаңадан сайланған парламент мәжілісінің алдында Үкіметтің өкілетті тоқтатылады.

Үкіметтің жаңа құрамы бекітілгенге дейін Қазақстан Республикасының Үкіметі өз міндеттерін атқаратын болсын, - делінген президент қаулысында.

Бұл Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Парламенттің бірлескен отырысы басталды. Жиынға Сенаттан 48 пен Мәжілістен 98 депутат қатысып жатыр.

«Мен бір жыл бұрын, осы ғимаратта халыққа жолдауымды жарияладым. Еліміз үшін аса маңызды сәтте саяси жаңғыру бағдарламасын ұсындым. Бастамаларымыз жұрттың шынайы қолдауына ие болды. Оған былтырғы референдумда айқын көз жеткіздік. Біз тәуекелге бел буып, бірден іске кірістік. Бір жылдың ішінде ауқымды жұмыс атқарылды», - деді Тоқаев Парламенттің бірлескен отырысында.

Сондай-ақ президент Конституциялық реформа арқылы бүкіл жүйені өзгертетін қадамдар жасалғанын айтып өтті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама