Halyq Uni логотип
×

Елімізде есірткі және психотроптық препараттардың тізімі көбейді

Үкім 7 сәуірден бастап күшіне енеді

 Дастан Жұмабекұлы 28.03.2023 | 17:11
Елімізде есірткі және психотроптық препараттардың тізімі көбейді
фото: ашық дереккөз

Үкіметтің 20 наурыздағы қаулысымен Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың тізбесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Үкімде каннабис (кенсора) кептірілген және кептірілмеген түрде есірткіге жататыны көрсетілген. Сол сияқты есірткіге изотонитазен, кротонилфентанил, циклопропилфентанил, акрилоилфентанил (акрилфентанил), фуранилфентанил, тетрагидрофуранилфентанил, U-47700, MT-45, AH-7921 қосылды.

Психотропты заттар этизолам, трамадол, кетаминмен толықтырылды.

Прекурсорлардың тізімі де жаңарды. Жаңа басылымда «Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларға жатқызылған өсімдіктерді заңсыз өсіру көлемдері» кестесі берілген.

Үкім 2023 жылдың 7 сәуірінен бастап күшіне енеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама